Әділдік пен жауапкершілік — игі істердің бағыт-бағдар беретін қағидаттары.
Мектептің хабарландыру тақтасында «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында «Ай дәйексөзі» ілінген: «Әділдік пен жауапкершілік — адал азаматтың негізі».
Бұл сөздер әр адамның күнделікті іс-әрекетінде көрініс табуы тиіс құндылықтарды еске салады. Әділ болу — айналадағы адамдарды құрметтеу деген сөз. Ал жауапкершілікті сезіну — берген уәдені орындау, өз міндеттерін адал атқару және қабылдаған шешімдерінің салдарын түсінуді білдіреді.
Оқушылар үшін бұл қағидаларды ұстану қарапайым әрекеттерден басталады: тапсырмаларды өз бетінше орындау, қателікті мойындай білу, сыныптасына көмектесу немесе мектеп мүлкін ұқыпты ұстау. Дәл осындай іс-әрекеттер өзара сенімді нығайтып, мектептегі өмірді мейірімді әрі жағымды ете түседі.