Қазақ тілі апталығы аясында ертегі кеші өтті!
Мектебімізде «Қазақ тілі апталығы» аясында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық мұрамызға деген құрметті арттыру және ертегі айту өнеріне деген қызығушылықты ояту мақсатында «Ертегілер кеші» ұйымдастырылды.
Кеш барысында оқушылар қазақтың дәстүрлі ертегілеріне негізделген иллюстрацияларды ұсынып, сүйікті кейіпкерлерін салды әрі өздерінің сан алуан өнерлерін паш етті. Әрбір қойылым ұлттық құндылықтарымызды айшықтап, көрермендер үшін ерекше атмосфера сыйлады.