*«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» – ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ!*

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында мектебімізде аумақты абаттандыру және тазарту жұмыстары ұйымдастырылды.
Акцияға жоғары сынып оқушылары мен мектеп педагогтері белсенді қатысты. Қолдарына тырма, сыпырғыш алып, көтеріңкі көңіл күймен ортақ іске жұмылған қатысушылар мектеп аумағы мен оған іргелес жерлерді тазалап, түскен жапырақтарды жинап, жасыл аймақтардың тазалығын ретке келтірді.Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны таза әрі көрікті етіп қана қоймай, жас ұрпақтың бойында жауапкершілік, еңбекқорлық, табиғатқа жанашырлық және туған жерге деген сүйіспеншілік қасиеттерін қалыптастырады.
*Тазалық әр адамның өзінен басталады!* Туған өлкемізді көркейтіп, таза әрі жайлы орта қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет.