https://www.facebook.com/ https://www.instagram.com/p/CAcllZqDvZl/?igshid=zcwy0hszmfoc
Ұйымдар тізімі
24 қыркүйекте Арнасай орта мектебінің 7 және 8-сынып оқушылары футбол турниріне қатысты. Аудандық жарыс Жалтыркөлде өтті. Біз Анар, Сарыоба, Ақбұлақ және №1 жалпы білім беретін мектеп командаларымен бір топта ойнадық. Анар, Сарыоба және Ақбұлақ командаларын жеңгенімізбен, №1 мектеп командасына 2:0 есебімен есе жібердік. Жалпы алғанда, біз 18 гол соқтық. Команда құрамында Игнат Дембицкий, Радимир Михеенко, Евгений Берзух, Тимофей Шумилин, Богдан Кекель, Артем Веселков, Игорь Авдеев және Владислав Варварюк болды.
Жарысқа барлығы 25 команда қатысты. Біз жалпы есепте 5-ші, ал өз тобымызда 2-ші орын алдық. Нәтиже жаман емес!
Владислав Варварюк, 7-сынып оқушысы