https://www.facebook.com/ https://www.instagram.com/p/CAcllZqDvZl/?igshid=zcwy0hszmfoc
«Оқуға құштар аймақ» QR
Рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыруда көрнекті қазақ педагог-ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына арналған іс-шара өткізудің маңызы зор.
Адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастырудың бір жолы – кітап оқу. 2021-2022 оқу жылында кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру және оны қолдау, кітап мәртебесін («Кітап оқу – сән») арттыру мақсатында білім алушылар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы барлық өңірде біртіндеп енгізіледі.
Мақсаты көпшіліктің назарын кітап оқуға аудару және белгілі бір қала немесе аймақ аясында насихаттау болып табылады.
Міндеттері:
• оқу беделін, оның қоғамдық және мәдени маңыздылығын қалыптастыру;
• облыс аумағында кітап мәдениетінің үздік дәстүрлерін жаңғырту;
• Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығымен танысу;
• түрлі жастағы және әлеуметтік топтағы облыс тұрғындарын электронды ақпарат тасығыштарды пайдалана отырып, тұрақты оқуға тарту.
«Оқуға құштар аймақ» тәжірибесі Ақмола облысы тұрғындарының көпшілігіне қолжетімді, ашық алаңдарда іске асырылады:
«Оқуға құштар аймақ» жобасы облыс тұрғындарының әлеуметтік, мәдени және адамгершілік дамуына оң әсер етеді.